Жошының өліміне Шыңғыс ханның қатысы бар ма?

Қазақ хандығы Алтын Орданың этникалық, территориялық, мәдени жалғасы болса, алып империяның патриархы Жошы хан туралы не білеміз? «Жошы шынымен Шыңғыс ханның ұлы ма?» деген даулы сұрақтан бастап, оның тұлғалық сипаты мен қайтыс болу тарихы да құпия мен аңызға толы. Оны тану үшін Шыңғыс ханның «Алтын ұрпақ» атанған төрт ұлын ғана емес, әулеттегі мұрагерлік дәстүрді түсініп, тануға керек. Қазақ халқын Алтын Орда мұрагері дегенде Жошы әулетінің түркіленіп, сайын даласына сіңуі ғана емес, сол дәуірдегі қазақ этногенезі, «92 баулы өзбектер» құрамындағы қазақ тайпалары да ойға оралады. Күллі Алтын Орда халқына қатысты айтылған «өзбек» этнонимінің шығуы, «Алтын Орда» мен «Ұлық ұлыс» атауларының төркіні, Жошы ұлысындағы Қазақстан қалалары мен мәдениеті, мемлекеттің шекарасы мен ыдырауы – осы процестерді тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Меңдігүл Ноғайбаева баяндайды.
Талқыланатын тақырыптар:
– Жошы хан Шыңғыс ханның ұлы ма?
– Жошы, Шағатай, Үгедей мен Төленің тұлғалық қаисеттері қандай еді?
– Әулеттегі әйелдер рөлі қандай болды?
– Жошы ұлысының территориясы қай аумақтарды қамтыды?
– Жошының Қыпшақ даласына деген ықыласы оның саясатына қалай әсер етті?
– Жошы ұлысында билік пен толеранттылық қалай үйлесті?
– Мұрагерлік мәселесі қалай шешілді және Батудың хан сайлануы нені білдірді?
– Жошы әулеті қалай түркіленіп, қыпшақтанды?
– «Өзбек» этнонимі мен «92 баулы өзбек» атауы қайдан шықты?
– Қазақ хандығы Алтын Орданың тікелей мұрагері ме?

00:00 – Сұхбат не жайында?
01:14 – Жошы хан Шыңғыс ханның ұлы ма?
05:18 – «Алтын ұрпақ» аталған төрт ұл қандай болды?
09:13 – Шағатайдың қатыгездігі туралы
13:32 – Шыңғыс хан әулетіндегі әйел ролі
16:29 – Жошы ұлысының территориясы
21:41 – Жошының қыпшақ даласына махаббаты
25:47 – Жошы ұлысындағы толеранттылық
29:00 – Жошының тұлғалық сипаты, қайтыс болуы
32:08 – Жошының мұрагерлері, Батудың хан сайлануы
33:53 – Шыңғыс хан Жошы мұрагерлігін қалай шешті
36:36 – Жошы әулетіндегі әйел статусы мен мұрагер мәселесі
40:19 – Шыңғыс ханның тайпалық құрылымға әсері
46:24 – Жошы ұрпақтарының түркіленуі, қыпшақтануы
49:27 – Қазақты неге «өзбек» деген? «92 баулы өзбектер» туралы
50:36 – «Өзбек» атауы қайдан шыққан?
56:57 – «Алтын Орда» атауының шығу тегі
58:43 – «Ұлық ұлыс» немесе «Жошы ұлысы» атауы туралы
1:00:07 – Қазақ халқы «Алтын Орданың» мұрагері ме?
1:04:27 – Алтын Орданың мәдениеті
1:07:24 – Жошы ұлысында Наурыз тойланды ма?
1:10:03 – Сарай деген қай қала?
1:12:51 - Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан аймағындағы қалалар
1:15:41 – Алтын Орда қалаларының құлдырауы
1:17:39 – Көшпелі ме, отырықшы ма?
1:20:53 – Алтын орданың барлық хандары: басынан аяғына дейін
1:26:39 – Керей мен Жәнібек Жошының қай ұлынан тарайды?
1:29:34 – Алтын Орданың шекарасы
1:31:54 – Алтын Орданың ыдырауы


#Жошыхан #АлтынОрда #Шыңғысхан

Суреттердің дереккөзі: Wikimedia Commons